Біз туралы
Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында орналасқан сыйымдылығы 120 орындық «Айым» балабақшасы 2021 жылы қыркүйек айында ашылды. Балабақша құрылтайшысы-жеке кәсіпкер Жайықов Баубек Айбекұлы. Балабақшаның жалпы ауданы - 1000 шаршы метр. Жерінің көлемі: 80 сотық. Қазіргі таңда балабақшада 120 бала тәрбиеленуде. Жас ерекшеліктері әр түрлі 4 топ жұмыс жасайды. Олар: кіші «Бөбек», ортаңғы «Жалын»,«Зерек» топтары, ересек «Болашақ» тобы. Балабақшада балаларға оқу - тәрбие беруге арнайы жабдықталған бөлмелер, медбике бөлмесі, әкімшілік бөлмелері, техникалық бөлмелер, музыкалық және дене шынықтыру бөлмесі, ас даярлау бөлмелері бар. Балабақша ғимаратына 16 бейне бақылау жүйесі қосылған. Ыстық және салқын су барлық ванналарға, тұратын орын жайларға, медициналық үй-жайлардағы қол жуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы жабдықтарға тартылған. Балабақша ауласында 4 топқа арналып жабдықталған ашық және жабық ойын алаңдары, тәрбиеленушілердің жасына лайықталған футбол алаңқайы бар. Балабақша ауласы көгалдандырылып, 84 терек ағашы мен 56 жеміс- жидек ағашы егілді. Гүлзар алаңы бар.
Балабақшада штаттық кестеге сай 26 қызметкер жұмыс жасауда. Оның 11-і педагог, 15-сы техникалық қызметкер. Қазіргі таңда балабақшада 2 жас пен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер мектепке дейінгі ұйымның бағдарламасына сай тәлім-тәрбие алуда. Топтардың оқу-тәрбие процесі қазақ тілінде жүргізіледі. Топтағы заттық-кеңістік дамытушы орталықтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Балалардың денсаулығын және өмірін сақтаудағы қауіпсіздік ережелері қатаң бақылауда. Қабылдау бөлмесінде ата-аналарға арналған ақпарат бұрыштары, жылжымалы папкалар бар, сюжеттік-рөлдік ойындардың құрал жабдықтары жинақталған. Топ тәрбиешілерінің көрнекіліктері эстетикалық талғамға сай жасалған.
Ұжымның алдына қойған міндеті - балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, ерте жастан балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту. Жаңа форматқа көшу арқылы креативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамыту, әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын сатылы түрде жүргізу. Оқу жылы басында іс-шаралар жоспары құрылып, балабақша педагогтарымен, тәрбиеленушілерімен, ата-аналармен жоспарға сай түрлі тақырыпта ашық сабақтар, ертеңгіліктер, дөңгелек үстелдер, денсаулық сағаттары, тағы да басқа шаралар өткізілді. Сонымен қатар, педагогтарымыз кәсіби біліктіліктерін, шеберліктерін шыңдау үшін, ал тәрбиеленушілеріміз шығармашылық деңгейлерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауларға қатысып, тәжірибе жинақтауда.
2021-2022 және 2022-2023 жылдарда балабақшамыз екі рет түлек тәрбиелеп, мектепке аттандырды.